Жаңалықтар

Дәрігер неліктен әйелдерге спортпен тым көп шұғылдануға болмайтынын айтты

Дәрігер неліктен әйелдерге спортпен тым көп шұғылдануға болмайтынын айтты

Спортпен шамадан тыс шұғылдану әйелдердің денсаулығына қауіп төндіреді, дейді ресейлік репродуктолог дәрігер Юлия Колода. Дәрігердің айтуынша, ағзаға шамадан тыс салмақ салу акушерлік асқыну қаупін арттырады.

Оның айтуынша, тек семіздікке шалдыққандар ғана емес, сонымен қатар салмағы аз әйелдер де қауіпті топқа жатады.

Дәрігер мұндай пациенттерге дәл қазір спорттан бас тарта алмаса, эстрогенді алмастыратын препараттарды тұтынуды ұсынды.