Жаңалықтар

Дәріханаларды тексеру: 191 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

ІІМ ел аумағында жоспардан тыс «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

  Прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым, оның ішінде 721 дәріхана, 77 қойма, 159 емдеу-профилактикалық мекемеcі және 129 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілген деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нәтижесінде:

▪️3000 тоннадан астам синтетикалық есірткі өндіруде қолданатын тауарлар айналымы шектелді.

▪️191 лауазымды тұлға, оның ішінде 108 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

▪️Сақтау шарттары бұзылған 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді.

▪️Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқықбұзушылық анықталды.