Жаңалықтар

Жамбылда 5 күнде 125 келіге жуық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсор анықталды

Жамбыл облысы аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

 Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 18 есірткіге байланысты құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау бойынша 3 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді рецептісіз босатудың 2 дерегі, нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуы талаптарын бұзудың 9 дерегі, лицензиялау нормаларын бұзудың 4 дерегі анықталды.

Іс-шара барысында полицейлер 97 дәріхананы, 6 қойманы, 3 емдеу мекемесін және 4 өнеркәсіптік кәсіпорынды тексерді.

Заңсыз айналымнан 124 келі 750 грамм түрлі есірткі заттары алынды.

Сондай-ақ, сақтау талаптарының бұзылуына байланысты 76 тонна 843 келі прекурсорлар және 3 442 ампула айналымнан шектелді.