Жаңалықтар

Дүйсенбіден бастап Pfizer екпесі балаларға салынады

Дүйсенбіден бастап Pfizer екпесі балаларға салынады

Елордада алдағы дүйсенбіден 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы Файзер екпесімен егу басталады. Ол үшін ата-анасының біреуі жазбаша түрде рұқсатын берсе жеткілікті. Ал егу шарасы ата-ананың қалауына сай мектепте не емханада жасалады. Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтанға америкалық Файзер екпесінің 35 мың 100 дозасы жеткізілді. Арнаулы мұздатқышта сақтаулы тұрған вакцина сұраныс көлеміне сай егу пунктеріне жолданып отырады. Ал ары қарай дәрігерлер оны 1 ай ішінде қолданып үлгеруі тиіс. Екі дозадан тұратын екпені салу мерзімі – 21 күн. Бір мезетте 6 адамды егуге болады.