Құдалықтағы дәстүр үшін Абай Бегейдің басы дауға қалған
Құдалықтағы дәстүр үшін Абай Бегейдің басы дауға қалған
Әнші Абай Бегейдің құдалық кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыға түскені белгілі. Әнші бұл жағдайдан соң жерлестерінен сөз естігенін де жасырмады.
Шымкенттіктермен құда болған әнші Абай Бегей оңтүстіктің салт-дәстүріне таңданғанын жазған едік. Құдалықта келіннің төркіні жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасаған болатын.
Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын түсіндірді.
Айта кетейік, әншінің әйелімен бірге көпшіліктің көзінше төсекте аунағанын көрген желі қолданушылары сынай жөнелгенін жазған едік.