Дархан Қыдырәлі: Meta және TikTok-пен тығыз байланыста жұмыс істейміз

0 26

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta және TikTok-пен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Бұл жайында ведомство басшысы Дархан Қыдырәлі AstanaMediaWeek дәстүрлі халықаралық форумында мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Айта кетейік, бүгін қонақтар арасында Meta және TikTok-тың жауапты өкілдері отыр. Біз бұл ірі компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз. Meta Қазақстанда өкілдік, ал TikTok офис ашуға, сонымен қатар медиасауаттылыққа оқытуға ниетті», — деді министр.

Сонымен қатар, ол визуалдыконтент ақпарат алудың негізгі көзіне айналып бара жатқанын еске салды.

«2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы интернет пайданушылардың 63 проценті интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланады. Осылайша интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды», — деді Дархан Қырыәлі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.