Жаңалықтар

Дауылдан келген шығын есептелді

Дауылдан келген шығын есептелді

Жамбыл облысында да қатты жел тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті. Тіпті дүлей дауыл ағаштар мен бағаналарды құлатып, бірнеше көлік пен балалар алаңын басып қалған, деп хабарлайды Жамбылинфо КТК арнасына сілтеме жасап.

Табиғаттың тосын мінезінен тоғыз адам жарақаттанған. Дәрігерлер науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, үйіне жіберіпті. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан желден Жамбыл ауданындағы 17 ауыл жарықсыз қалды. Ал Ниязбеков ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кеткен. Шығын шамамен 12 миллион теңге дейді жергілікті билік. Қазір коммуналдық қызмет қаланы қирандылардан тазартуда.