Жаңалықтар

Демеу Жадыраевтың бапкерін шетелде 10 жылға қуатын еді - Дәулет Тұрлыханов

Бұл туралы Тұрлыханов Астанада өткен брифинг барысында айтты

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов Парижде өткен Олимпиада ойындарына Демеу Жадыраевтың жеке бапкері неліктен бармағанын түсіндірді деп хабарлайды Jambylinfo.kz  1bol.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Тұрлыханов Астанада өткен брифинг барысында айтты.

34 жастағы Жадыраев 77 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Бірақ маңызды сында балуанның жанында жеке бапкері Боранбек Қоңыратов болған жоқ.