Деңгейі оқушыдан төмен. Аятжанұлы мұғалімдердің білімі туралы айтты

0 82

«QazBilim»  жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы «Желмая» жобасында оның себептерін ашып айтты.

Ғылым ашу үшін министрлік жасақтау аса бір өнім бермейді. Оны кезінде көрдік қой. Ақпарат пен қоғамдық даму бөлек болды. Аэроғарыш министрлігі де кейін қосылды. Жалпы министрлік ашу мен жабудан соңғы 15 жылда рекорд орнаттық деп ойлаймын, — деді ол.

Ахметжанұылы атағандай, Қазақстанның 12 облысында білім беру мекемесі бар.

Маған қарапайым менеджерден бастап, сапалы мұғалімге дейінгі аралықтағы маманды табу – ең қиын шаруа. «QazBilim»  филиалдарын ашу туралы облыстрдан көп өтініш түседі. Сол кезде барлығына «кадр мәселесін қалай шешеміз?» деген сұрақ қоямын. Өкінішке қарай, кадр мәселесін шешу өте қиын. Мектептің өзін кадрмен қамти алмай отырмыз. Мысалы, мен облысқа барсам, мұғалімдерге конкурс жасаймын. Конкурста үш кезең болады. Сол кезде бірінші турдан кемінде 60-70 пайыз адам өтпейді. Өйткені базалық білімі жоқ. Деңгейі оқушыдан төмен. Былтыр 90-гимназияда екі оқушы IELTS тапсырды. Біреуі 7, екіншісі 7,5 алды. Ал мұғалімге IELTS  туралы сұрақ қойсаң, ол не деп те сұрайды. Бірақ мұғалімнің IELTS-сы жоғары дегенде  5,5 болады, — дейді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.