Депутат Аманжан Жамалов табысы төмен қазақстандықтарға 100 млрд теңге бөліп беруді ұсынды

0 13

Депутат Аманжан Жамалов табысы төмен қазақстандықтарға 100 млрд теңге бөліп беруді ұсынды.Үкімет баға қымбаттап кетпеуі үшін бақылауға шамамен 100 млрд теңге бөлді. Оның 81 млрд теңгесі сауда желілерін жеңілдікпен кредиттеуге, 16,8 млрд теңгесі тұрақты қорларды қалыптастыруға жұмсалды. Осыны мәжілісмен парламент палаталарының бірлескен отырысында еске салды.

«Нәтижесі жоқ — баға қымбаттап жатыр. Мұның орнына осы ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа берген жөн. Бағаның қымбаттауынан бәрінен де қатты қиналып жатқан солар. Егер бағаның қымбаттауын тоқтата алмасаңыздар, халықты қолдаңыздар», — деді мәжілісмен.

Ол әлеуметтік қорғалмаған топтарға субсидиялар беруді ұсынды. Жамаловтың пікірінше, халыққа ақша бөліп беру сауда желілерін қаржыландырудан тиімдірек болады.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.