Депутат балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, балабақша жұмысын тағы бір сағатқа ұзарту маңызды
Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев балабақша жұмысын кешкі 19.00-ге дейін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Депутат ата-анасы жұмыстан кешкі 19.00-де шығатын балалар көп жағдайда балабақша қарауылының қасында қалатынын алға тартқан.