Жаңалықтар

Диқандар бір литр дизель отынын 202 теңгеден сатып алуда - АШМ

Диқандар бір литр дизель отынын 202 теңгеден сатып алуда - АШМ

Диқандар дизель отынының бір литрін 202 теңгеден алып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізуі үшін 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекітіп беру кестесі жасалды. Шілде айындағы көлемдерін өңірлер толығымен алды. Қазіргі уақытта тамызға есептелген жанармай көлемі тиеліп, аймақтарға жөнелтілуде», - деді министр. Оның айтуынша, Энергетика министрлігі тамыз айына хаттамамен мұнай өңдеу зауыттарынан шығарылатын мынадай орташа нарықтық баға белгіледі – тоннасына 212,0 мың теңге немесе литріне 177 теңге. «Операторлардың шығыстарын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін республика бойынша орташа баға литріне 202 теңгені құрайды», - деді Ербол Қарашөкеев.