«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

0 11

Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады. «Иә, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен. Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады. Кейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арманның» қылмыстық тобының қаңтар оқиғасына қатысы бар екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.