Жаңалықтар

Димаш Құдайберген 30 жасын қайда тойлайтыны белгілі болды

The final spritzer

Димаш Құдайберген 30 жасын қайда тойлайтыны белгілі болды

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 30 жасқа толатын күні, яғни, 24 мамырда Түркияда үлкен концерт береді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бұл туралы осындай шараларды ұйымдастыратын BWO Entertainment компаниясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария етті. Хабарландыруға сенсек, Димаш Құдайберген туған күніне арналған жеке концертін Ыстамбулдың «Бешикташ» стадионында өткізеді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде дүниеге келген.