Димаш Құдайберген құрметті профессор атанды
Димаш Құдайберген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атанды.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның халық сүйіспеншілігіне бөленген, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен мотивациялық кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуге университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, өнер иесімен ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге ұлттық мәдениетті дәріптеуге, жастардың рухани дамуына қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық беделін арттырудағы еңбегі үшін университеттің Құрметті профессоры атағын табыстады.
Мотивациялық кездесуде Димаш Құдайберген өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы ой бөлісті. Ол ұлттық мәдениетпен байланысын үзбей, туған тамырын сақтай отырып, әлемдік сахналарға қалай жеткенін баяндады. Өнер иесі адамның жеке болмысына қатысты құндылықтарға ерекше тоқталды:

Студенттерге арнаған сөзінде Димаш медицина саласының жауапкершілігіне ерекше тоқталып, болашақ дәрігерлерге үлкен құрмет білдірді.
Сонымен қатар әнші студенттерге алдағы емтихан сессиясын сәтті тапсырып, мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.
Кездесудің ең жарқын сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің ҚазҰМУ студенттерінен құралған «Дала сазы» ұлттық аспаптар ансамблімен бірге өнер көрсетуі болды. Ортақ орындауда күмбірлеген «Адай» күйі залдағы көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара бейресми әңгіме мен автограф-сессиямен аяқталып, қатысушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды.