Димаш Құдайберген қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті
Әнші белгілі қытайлық музыкалық шоуда жүлдегер атанды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Біздің ән" атты Қытайдағы музыкалық шоуында "Алтын әуен" сыйлығын жеңіп алды. Ол бұл байқауда қытайлық әріптестеріне қазақ тілін үйретіп, олардың қазақ тілінде ән шырқауына көмектескен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Адырна" ұлттық порталының жазуынша, Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге "Red Moon Rules" әнін орындаса, тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге "Become a Poet" әнін шырқады. Бағдарлама кезінде Димаш тек ән айтып ғана қойған жоқ, қытайлық әншілерге қазақ тілін де үйретті. Ал, қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.
Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы "Become a Poet" әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің "Алтын әуені" сыйлығын жеңіп алды.
"Біздің ән" музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.