Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлерінің шақыртуын қабыл алды

0 13

Әнші Димаш Құдайберген Латын Америкасында концерт өткізуі мүмкін. Бұл туралы өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Латын Америкасындағы жанкүйерлеріме, Мексикадағы жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Қала бойынша 600-ге жуық экран арқылы жасаған шақыртуларыңызды қабыл алдым. Бұйырса, сіздер жаққа да ат басын бұрармын. Рахмет!» — деп жазды әнші Instagram бетінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетілді.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.