Дінмұхамед Қошқар Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0 37

Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен жастар арасында (U20) кезекті әлем чемпионаты өтуде.
Грек-рим күресінен 67 келіде белдескен жамбылдық Дінмұхамед Қошқар жаһандық доданың қола медалін еншіледі. Үшінші орын үшін белдесуде түрік балуанынан басым түсті.

Айта кетейік, бұдан бөлек Қазақстан құрамасы сапында Юсуф Мациев (97 кг) күміске және Мақсат Сайлау үшінші орынға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.