Жаңалықтар

Доллар арзандады

Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 сәуір кешімен салыстырғанда 1,31 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,67 теңгені құраған. Ұлттық банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 430,99 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,16 теңге, сатып алу – 429,66 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,95 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 428, 77 теңге. Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 2,47 теңгеге дейін құлдырап, 1 доллар үшін 431,11 теңгені құраған. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.kazinform.kz/kz/dollar-arzandady_a3776643