Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады
Ұлттық банктің 24 желтоқсанға ұсынған бағамы бір доллар үшін 523,72 теңге.
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,47 теңгеге арзандап, 515,89 теңге болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алу - 515,35 теңге, сату құны - 524,99 теңге. Ал Астананың айырбастау пунктерінде долларды сатып алу - 517,79 теңге, сату бағасы - 523,39 теңге.