Доллар бағамы тағы да өсті
Доллар бағамы бір тәулікте 1,53 теңгеге қымбаттаған
Ұлттық банктің хабарлауынша, 14 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 530,24 теңгені құрады. Осылайша, доллар бағамы бір тәулікте 1,53 теңгеге, ал бір айда 5,64 теңгеге өскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңгені құраған.
Ал еуроның сатып алу құны 541–543,5 теңгені құраса, сату құны 548–551 теңгеге жеткен. Ресей рублі 5,05–5,13 теңгеге саудаланса, 5,15–5,21 теңгеге сатылып жатыр.