Жаңалықтар

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 503,61 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 — 508 теңгеден саудаланып жатыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 503,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 524,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502 теңге. Еуро 523— 530 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,44 — 5,54 аралығында саудаланып жатыр.