"Доллар шарықтап барады": Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24 kz -ке сілтеме жасап.
Нұрлан Байбазаров теңгенің құлдырауына әлемде орын алып жатқан бірнеше фактор себеп болғанын атап өтті.
▪️соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі;
▪️мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі;
▪️Ресей рублінің әлсіреуі.
Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін ескере отырып, рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін.