Доллардың бүгінгі бағамы қандай
Ұлттық банк 5 желтоқсанға арналған доллардың ресми бағамын жариялады
Ұлттық банктің мәліметінше, 1 доллардың құны - 523,58 теңгені құраған. Ал рубль - 5,01 теңге болса, еуро - 549,71 теңгеге жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,9 теңге. Еуро 544,5 — 552,5 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Ал кеше яғни 4 желтоқсан кешкі уақытта доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге қымбаттап, 523,81 теңгеге жеткен.