Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Ұлттық банктің мәліметінше, 19 қаңтарда доллардың ресми бағамы 529,65-ні құрады
Астана, Алматы, Тараз қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 – 533 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 533,3 теңгені көрсеткен. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңгені құрады. Тараз қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 – 533 теңгеден саудаланып жатыр
Айта кетейік, 17 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге қымбаттап, 530,22 теңге болған.