Жаңалықтар

ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

  Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Ал өзге халықтар секілді қазақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ. Домбыраның айтар сыры да тарих беттерiнен ойып тұрып орын алғаны, аспаптың қасиетiн ұққан бiздерге, келер ұрпаққа да, қасиеттi домбыра  үнiнiң сан қырлы, келешектегi ата-бабалардың қалдырған өсиетiнiң бiрi десе де болады. Сондықтан да болар, ән жұтамай, жан жұтамайды дегендей, күй- дастанды осы аспап арқылы асыл арманы өнердiң өрiсiнен кең орын алып, биiктеп көрiнiп жүргенi, Тәуелсiздiгiмiздiң көрiнiсi болғаны заңды талап өнерпаздарымыздың үзiлмес өнегесi. Қара қылды қақ жарған домбыраның да алар жолы, таудай талабы мен шабыттың шыңының жетелейтiнде осы домбыра. Өнерге ұмтылмай өрге баспасы аңық, талаптының адам бойындағы асыл қасиеттердiң көзiн ашуы да осыған байланысты, жан дүниең рухани бай болса ғана, елiңнiң мәдениеттi, бiлiмдi өнерлi азаматы бола алатының анық. Оқушыларды  домбыраның  құдіретті  күшімен  таныстыруда  атақты  күйшілердің  өнері  мен  өмірін  таныстырудың да  маңызы  ерекше.  Бұл  орайда  оқушыларыма  сабақта  және   сабақтан тыс  мезгілдер де  күй  атасы  Құрманғазының,  оның  шәкірті  Дина  әжеміздің,  қазақтың  ұлттық  аспаптар  оркестрін  алғаш  ұйымдастырушы  Ахмет  Жұбановтың шығармашылықтарынан  мағлұматтар  беру  орынды  деп  есептейміз. «Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады» - деген қазақта сөз бар. «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын  ұғуға болады.  Бөлегенов Мейрқұл  Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты КММ музыка жетекшісі