Дональд Трамп жекпе-жектің комментаторы болады

0 0

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп бокстың аңызы Эвандер Холифилдтің бұрынғы UFC жауынгері Витор Белфортпен алдағы жекпе-жегіне комментатор болып шықпақ.

Жекпе-жек 11 қыркүйекте өтеді.

ESPN ақпаратына сәйкес, бұл негізгі трансляция емес, тек «геймкаст» деп аталатын шоу түсіндірмесінің балама нұсқасы.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы эфирді ұлымен өкізеді. Екеуі де Голливудтағы Hard Rock Hotel & Casino аренасына жеке қатысады.

«Мен мықты жауынгерлер мен тамаша жекпе-жектерді жақсы көремін. Мен мұны сенбі күні кешке көріп, рингсайдта өз ойларыммен бөлісуді асыға күтемін. Сіздер де бұл ерекше оқиғаны жіберіп алғыңыз келмейді деп ойлаймын», деді Трамп.

Холифилд-Белфорт жекпе-жегін Triller стримингтік жүйесі таратады. Жазылушылар эфирдің нұсқасын «ресми» пікірмен тыңдап немесе Трамптың дауысын 49.99 долларға қоса алады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.