Дүйсенбіден бастап Pfizer екпесі балаларға салынады

0 6

Елордада алдағы дүйсенбіден 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы Файзер екпесімен егу басталады.

Ол үшін ата-анасының біреуі жазбаша түрде рұқсатын берсе жеткілікті. Ал егу шарасы ата-ананың қалауына сай мектепте не емханада жасалады. Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтанға америкалық Файзер екпесінің 35 мың 100 дозасы жеткізілді. Арнаулы мұздатқышта сақтаулы тұрған вакцина сұраныс көлеміне сай егу пунктеріне жолданып отырады. Ал ары қарай дәрігерлер оны 1 ай ішінде қолданып үлгеруі тиіс. Екі дозадан тұратын екпені салу мерзімі – 21 күн. Бір мезетте 6 адамды егуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.