Жаңалықтар

Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып ән айтты (ВИДЕО)

Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып ән айтты (ВИДЕО)

Қытайдың әлемге танымал актері әрі каскадер Джеки Чан ҚХР-дың Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында қазақтың домбырасына қосылып «Нағыз қаһармандар» атты әнін айтты.

Бұл ән Қытайдың танымал әндерінің бірі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Джеки Чан жақында Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпарлар мекені» деп атайтын Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, өнер көрсеткен болатын. Бұл видео сол жерде түсірілуі мүмкін.

16 шілдеде Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпарлар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған фестивальде Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқаған. Сол жерде актер домбыраға қосылып ән айтуы мүмкін.