Жаңалықтар

Егемендік декларациясы – Азаттыққа жетудің алғашқы қадамы

25 қазан – Қазақстанның даңқты тарихындағы ерекше күндердің бірі

1990 жылдың дәл осы ұлы күнінде Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл – тәуелсіздікке бастар алып қадамдардың алғашқысы болды. Мұндай пікірді тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы  Сейілхан Тоқболат айтты деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Тарихшының айтуынша, диклорация қабылданғаннан бастап, қазақ халқының тағдыры, мәдениеті, ұлттық құндылықтары ресми түрде мойындалып, жаңа ұлы дәуірге қадам басты.

Сейілхан Тоқболат қазақ елі азаттық деген асыл қазынаға оңай жетпегенін, егемендік жолында жарқын кезеңдер мен қасіретті дәуірлерді де бастан өткеріп, өзінің ұлы тағдырын өзі жазған қаһарман ұлт екенін алға тартқан.

Тарихшы  қазақтың арғы тарихына тоқталып, халқымыздың Ресей империясының боданына айналуын, Кеңес одағының сынақтарын бастан кешкеніне тоқталған.

Сондай-ақ, Сейілхан Тоқболат 1990 жылы Егемендік Декларациясын жариялағанын, бұл – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқан кезең болғанын айтады.