Екі жасар өгей ұлын өлтірген
Екі жасар өгей ұлын өлтірген
, - деп хабарлайды Arbat.media. Судья кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамға үкім шығарды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот 8 қарашада Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Сот екі жасар өгей ұлын өлтірді деген айыппен ұсталған 24 жастағы ер адамға қатысты істі қарады. Биыл 21 наурызында Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінен екі жасар баланың денесі табылған болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен баланың анасымен бірге тұратын ер адам ұсталды. Айыпталушы кінәсін мойындады. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Прокурор айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Баланың анасы айыптаушы тараптың пікірімен келісті. Сотталушының адвокаты оған ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігінің санкциясында көзделген ең төменгі жаза тағайындауды сұрады. Алайда судья айыпталушыны заңның бар қатаңдығымен жазалау туралы шешім қабылдады.