Екібастұз жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды

0 19

Павлодар облысының экология департаменті бірінші жартыжылдыққа Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді.

Экология министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында экология заңнамасының бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, парниктік газдар шамадан тыс шығарылған.

Парниктік газдар шығарындыларына квота саудасының қолданыстағы жүйесі аясында кәсіпорын өтемеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.

Заңға сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квота көлемін жабуға тиіс.

ГРЭС-1-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 33 301 625 мың теңге айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.