Екібастұздағы апат: мүлкі бүлінген кәсіпкерлерге көмек қалай көрсетіледі?

0 18

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Екібастұздағы апат cалдарынан мүлкі бүлінген бизнес субъектілеріне арналған алгоритмді әзірледі, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Айта кетсек, 27 қарашада Павлодар облысының әкімдігі Екібастұздағы ЖЭС және жылу желілерінде болған апатты жою жөніндегі облыстық жедел штаб құру туралы қаулы қабылдаған еді.

Біз кәсіпкерлерге бүлінген мүлікке өтемақы алуға құжаттар тапсыру алгоритмін әзірледік, – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров.

Кәсіпкерлер көмекті алу үшін төмендегі алгоритм бойынша әрекет етуге тиіс:

  • 28 09 28, 28 20 28 – жедел желі, 1432 – call-орталық, 33 91 87,   33 89 21, 33 89 44, 8 700 299 78 06 – тұрғын үй инспекциясы;
  • Бүлінген мүлікті видеоға түсіріп алу (түсірілім кезінде нысанның мекенжайы, күні, уақыты, куәгерлерді атап өту);
  • Жарамсыз тауар, материалдар, жабдық және тағы басқа заттарды растайтын құжаттарды қоса беру;
  • Барлық тауарды фото, видеоға түсіру;
  • Еркін формада залал тізімі туралы қосымша акт толтыру маңызды. Комиссия құрамында кемінде 3 адам болуы шарт (Бизнес субъекті көппәтерлі үйде болса, онда ПИК немесе МИБ төрағасы, үй бойынша жауапты, слесарь және тағы басқа маманның қатысуымен жүргізіледі);
  • Құжаттарды әкімдік көрсеткен жылыту пунктерінің мекенжайлары бойынша тапсыру. Құжаттардың екінші данасы болуы керек, комиссия мүшелерінің аты-жөні, байланыс деректерін көрсету міндетті.

Ал Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасынан апаттан зардап шеккен бизнесмендер төмендегі мәселелерді шешіп беруді сұрайды:

  • Шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді кейінге қалдыру;
  • Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мүлік салығын төлеуден босату;
  • Өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және тағы басқа.
Leave A Reply

Your email address will not be published.