Екпе салу — қауіптің алдын алу

0 47

Бүгінгі таңда коронавирус індеті қайта өрши түскені белгілі. Осы себепті барлық өңірлерде дүниені дүрліктірген дерттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты
№26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Мекеменің медициналық-сауықтыру тобының фельдшері, әділет майоры Аида Мұсаева бастаған ақ халаттылар әрбір сотталғанның денсаулығын бақылауға алып, індетпен күресуде. Айта кетейік, ақ халатты абзал жандардың негізгі мақсаты — мекеме аумағында осы дертті түбегейлі жою.

Leave A Reply

Your email address will not be published.