Жаңалықтар

Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты іс сотқа жолданды

The final spritzer

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәләмдеді

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманованың ұсталғаны белгілі болған еді.