Жаңалықтар

Ел өңірінің басым бөлігінде қар жауады

Ел өңірінің басым бөлігінде қар жауады

Солтүстік-батыс циклонына байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауады. Яғни, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады, басым бөлігінде жел күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде жел қарқыны – 17-22 м/с, таулы аймақтарда және облыстың солтүстігінде – 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с асады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с болады. Таңертең және күндіз желдің күші – 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады. Ақмола облысында бұрқасын, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде, батысында желдің күші – 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде екпіні 25 м/с жетеді. Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жел екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын, жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғады, жел қарқыны – 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын көтеріледі, желдің күші – 15-20 м/с. Қызылорда облысының түнде басым бөлігінде, күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.