Жаңалықтар

"Ел не ойлайды, не дейді екен?" Қайрат Жолдыбайұлы оқырмандарын ойлантып қойды

Жазушы Қайрат Жолдыбайұлы «DAUA JÜREK» атты кітабынан әлеуметтік желідегі парақшасына үзінді жариялап, оқырмандарына біреу үшін өмір сүрмеуге кеңес берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаламгердің пікірінше, көптің сен туралы пікіріне байлану – бақытқа апарар жол емес. Өйткені, бұл тек «біреу ушін сандалып өмір сүру» деп есептейді.