Жаңалықтар

Елдегі барлық су қоймасын жөндеуге 2 трлн теңге қажет – министр

Елдегі барлық су қоймасын жөндеуге 2 трлн теңге қажет – министр

Қазақстанда барлық су қоймасын реконструкциялауға және жөндеу шамамен екі триллион теңге қажет. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, министрлік су шаруашылығы құрылыстарын, соның ішінде су қоймаларын түгендеген. Республикад 400-ден астам су қоймасы бар.

Бүгін үкіметте 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы бекітілді. Оған сәйкес, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау көзделіп отыр.