Жаңалықтар

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты

The final spritzer

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші WTA 500 хард турнирінде бірінші нөмірмен өнер көрсетуде.

Жартылай финал жолдамасы үшін ол туннистік Онс Жабермен (әлемнің 33-ракеткасы) кездесті,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кездесу үш сетке созылып, 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат 13 минут өткізді.

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Өткен маусымда Рыбакина Абу-Дабиде чемпион атанған, сондықтан бұл жолы 500 рейтингтік ұпайын қорғауда.