Елімізде 4812 науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

0 10

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 наурыздағы ақпарат мәлім болды

25 наурыздағы мәлімет бойынша 5 377 адам коронавирус инфекциясынан (4 366 КВИ+ және 1 011 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 565 пациент — стационарда, 4 812 науқас — амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

— 37 адамның жағдайы ауыр,

— 21 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.