Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды
2021-2025 жылдар аралығында бұл бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологиялардың қолжетімділігін арттырудың негізгі тетігіне айналып, мыңдаған қазақстандық жұпқа ата-ана болу бақытына қол жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қабылданған шешімдердің нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жыл сайын бөлінетін квоталардың саны 7 есеге ұлғайтылып, жылына 7 мың квотаға дейін жеткізілді.
Тұрақты жоғары нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бес жыл бойы ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Бұл қатаң бақылау МӘМС қаражатының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етіп, әрбір пациент үшін табысты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді.