Елімізде ақылы жолдар 20% қымбаттайды
Жаңа тарифтің нақты қашаннан бастап енгізілетіні әзірге белгісіз
Қызылорда-Арал, Ақтөбе-Оренбург, Ақтау-Бейнеу, Қандыағаш-Мақат, Балхаш-Бұрылбайтал секілді 11 бағыт бойынша жүру енді қымбаттай түседі, деп хабарлайды jambylinfo. kz. qazaqstan.tv -ге сілтеме жасай отырып.
Көлік министрлігінің хабарлауынша біздегі тариф көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
Сондықтан тас жолдарды күтіп ұстауға кетіп жатқан шығынды ақтау үшін бағаны 20 пайызға көтеру жоспарланып отыр.