Жаңалықтар

Елімізде білім саласындағы үздік мамандарды іріктеу жобасы жүзеге асырылып жатыр - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев  елімізде білім саласындағы үздік мамандарды, яғни нағыз көшбасшыларды іріктеу жобасы жүзеге асырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Президенттің айтуынша, қазірдің өзінде аталған жобаға қатысқан 134 педагог мектеп директоры болып тағайындалған.

 Бұдан бөлек, Президент білім сапасын арттыру, балаларды үйлесімді және жан-жақты дамыту үшін мемлекет тарапынан қолға алынған жүйелі шараларға назар аударды.