Елімізде бір апта ішінде 3184 қылмыс тіркелді

0 28

Өткен аптада республика бойынша 3184 қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Бір апта ішінде 3184 қылмыс жасалды. Оның 1958-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, екі өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, 45 тонау және 450 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», — деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдаған еді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.