Елімізде дәрігерлер мен ұстаздарға балағат сөз айтқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

0 29

🤬Елімізде дәрігерлер мен ұстаздарға балағат сөз айтқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

✅Оларды боқтағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ отбасылық жанжал кезінде былапыт сөз айтқан адам да бірінші рет ескерту алып, кейін 17 мың теңгеден астам айыппұл арқалайды. Осыған орай жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында қарастырылады. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, әрбір жағдай жеке қаралады. Кімге қандай жаза тағайындайтынын сот шешеді.

📌Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қоғамдық жерде боқтағандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 30 тәулікке қамауға алынады деген еді. Бұл норма әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстік 434-бабына енгізілген. Заң наурыз айынан бастап күшіне енеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.