Елімізде күзден бастап дәрі-дәрмекті таңбалау жүргізілмек

0 34

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері заңсыз айналымда жүрген препараттарды анықтау үшін бірінші қыркүйектен бастап елімізде дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау тарифін енгізбек. Алайда дәріхана иелері бұның дәрі-дәрмектің қымбаттауына әкеп соғатынын айтуда, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Таңбалау құны 2 теңге 4 тиын болады. Енді 1 шілдеден бастап шығарылған дәрілердің арнайы штрих коды болмаса ол заңсыз болып есептеліп, тәркіленуі тиіс. Ал заңға бағынбаған дәріхана иелеріне айыппұл салынады. Дәріхана иелері бұның қосымша шығын екенін айтып, дәрілердің бағасын өсіретіндерін ескертті.

“Өйткені бұған бір қызметкер үлгермейді. Оның уақыты жетпейді. Сол себепті қосымша тағы бір адамды жалдауымыз керек болады. Оған кемі 150-200 мың теңге төлеуіміз керек”,- деді ҚР Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша цифрлық таңбалауды енгізу елге контрабандалық жолмен кіргізілетін және заңсыз сатылымда жүрген дәрі-дәрмектерді анықтауға септігін тигізеді. Бірақ баға саясатына айтарлықтай әсер етпейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.