Жаңалықтар

Елімізде мұғалімдер қашан тойланады?

Ұстаздар мерекесінің нақты күні белгіленді

Биыл қазақстандық ұстаздардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанда аталып өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні 2023 жылға дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. 

Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі мерекелейді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. 

Бұл күні білім саласына елеулі еңбек сіңірген кәсіби мамандар марапатталады.

Бүгінде Қазақстан мектептерінде 398 854 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 91 878 — модератор, 87 685 — сарапшы, 76 021 — зерттеуші, 3 566 — шебер екен.