Елімізде ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды
Үкімет Қаулысы күшіне енді
Қазақстанда Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құрылды. Үкімет Қаулысы 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қаулыға сәйкес:
Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қайта құрылды.
Осылайша қазір туризм және спорт министрлігінде келесі ведомстволар бар:
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
Туризм индустриясы комитеті;
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.
Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешетін болады.