Жаңалықтар

Елімізде суды заңсыз пайдаланушылармен күресетін жаңа комитет құрылды

Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған

Су ресурстары және ирригация министрлігінде Cу ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметше, жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.