Жаңалықтар

Елімізде төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны өсті

Бұл өзгерес 1 қаңтардан бастап жүзеге асады

Қазақстанда 2025 жылы  төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны 3 932 теңгеге өсті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Төлқұжат жа сату құны:

– 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);

– Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.

– 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қазақстандықтар қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуына болады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлейтін болады.

Жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру - 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін - 1 771 теңге төлеу керек.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні - 3 372 теңге. 5 жұмыс күні - 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні - 605,31 теңге.